Тарихы терең білім ордасына – 50 жыл
Тарихы терең білім ордасына – 50 жыл
Бүгін , Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжіне 50 жыл толуына орай, колледж базасында «Тарихы терең білім ордасына – 50 жыл» тақырыбы аясында «Заманауи колледж: жаңа уақыт және жаңа шешімдер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: Қазіргі заманғы ғылым мен білім беруді дамытудың заманауи үрдістері, дамыту перспективалары, жаңа әдіс-тәсілдері мен инновациялық зерделеу жұмыстары, оның тиімділігін арттыру моделдері мен әдіс тәсілдері, заманауи технологиялардың болашақ мамандар тәрбиелеудегі өзекті мәселелері мен болашағы бойынша сұрақтарды зерттеу және ақпарат алмасу. Конференияға колледждің ардагер ұстаздары, Маңғыстау облысы білім басқармасының бөлім басшылары, білім беру ұйымдардың басшылары, әлеуметтік серіктестес мекеме басшылары, колледж түлектері , Маңғыстау облысы кәсіподақ ұйымының басшысы, Маңғыстау облысының кәсіпкерлік палатасының және БАҚ өкілдері, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің қызметкерлері қатысты.
Конференцияның пленарлық отырысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департамент басқармасының басшысы Рахимберлин Алтай Советұлы, «Talap» КеАҚ –ның Стратегиялық жоспарлау, жобалар және ІТ-қамтамасыз ету басқармасы басшысы Жанайдаров Нұрдәулет Дәулетбекұлы, Маңғыстау облысы білім Басқармасы ТжКБ бөлім басшысы Сармурзина Жәния Оңалбайқызы баяндамаларын оқып, сәттілік тіледі.
Пленарлық отырыстың соңында колледждің ардагер ұстаздары, әлеуметтік серіктестес мекеме басшылары мен колледж педагогтары Маңғыстау облысы әкімінің Алғысымен марапатталды.
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=314&href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fmptk.aktau%2Fvideos%2F1546042199185617%2F&show_text=false&width=560&t=0" width="560&
11 желтоқсан 2022
WorldSkills Kazakhstan VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты
WorldSkills Kazakhstan VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Маңғыстау облысы бойынша 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы қатысып Маңғыстау облысының қоржынын 3 - «Күміс» медаль, 3- «Қола» медаль, . 7- «Үздік маман» медальонымен толықтырды. Исағали Еркебұлан «Кірпіш...
10 желтоқсан 2022
ҚР 100 ТОП студенті
Астана қаласының Әл Фараби атындағы Оқушылар сарайында “ Қазақстан Республикасы колледждерінің “100 ТОП студенті” республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Колледж студенттері Тасхайров Алмас, жетекшісі Асылбай Гүлмира және Құралбай Назерке, жетекшісі Абилшеева Айнагүл...
25 қараша 2022
Тарихы терең білім ордасына – 50 жыл
Тарихы терең білім ордасына – 50 жыл Бүгін , Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжіне 50 жыл толуына орай, колледж базасында «Тарихы терең білім ордасына – 50 жыл» тақырыбы аясында «Заманауи колледж: жаңа уақыт және жаңа шешімдер» атты республикалық...
18 қараша 2022
Үздік педагог
Колледжімізде арнайы пән оқытушысы Карабалаева Несибгул Тулейовна Қазақстан Республикасының "Үздік педагог-2022" атағына ие болды! Биыл колледжімізден соңғы 5 жылда 3( үшінші) "Үздік педагог" шығып жатыр. 11.11.2022жылы Астана политехникалық колледжінде өткен десант сабағына республикалық...
14 маусым 2022
Worldskills Aktau- 2022
Бүгін Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледж басшысы Шолтанова З.Е. Worldskills Aktau- 2022 VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінен жүлделі орынға ие болған қатысушыларымызды және олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтап алғысын білдірді. 15 ...
10 наурыз 2021
МАҢҒЫСТАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ САЙЛАУҒА АЛҒАШ РЕТ ҚАТЫСАДЫ
Маңғыстау политехникалық колледжі облыстың жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Мұнда машина жасау саласындағы бірнеше мамандықтар бойынша студенттер оқиды. Бұл-еріктілер корпусындағы әлеуметтік жұмыспен және волонтерлікпен белсенді айналысатын жастар. Алдағы сайлау алдындағы...
10 наурыз 2021
"Үздік педагог" республикалық конкурсы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында жыл сайын өткізіледі.
Үздік педагог" республикалық конкурсы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында жыл сайын өткізіледі. Ұлағатты ұстаздарымыздың кәсіби мерекесі қарсаңында “Үздік педагог-2020” республикалық байқауының...
10 қараша 2020
Ақтаулық жастар өкілдері мүмкіндігі шектеулі балаларға мастер-класс ұйымдастырды.
Ақтаулық жастар өкілдері мүмкіндігі шектеулі балаларға мастер-класс ұйымдастырды. Мақсаты - нәрестелердегі моториканы дамыту, пластилиннен мүсіндер жасау арқылы олардың шығармашылыққа деген қызығушылықтарын ояту. ...