kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж басшылығы

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Шолтанова Зарипа Есенбаевна 1969 жылы 20 мамырда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында ұстаздар отбасында дүниеге келген. Әкесі марқұм Шолтанов Есенбай және анасы Тілеубергенова Ұштап ҚР құрметті ұстаздары. Білімі жоғарғы. 1991 жылы Алматы шетел тілдер педагогикалық институтын, 2017 жылы Маңғыстау Гуманитарлы – техникалық Университетін тамамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Құрық кенті №1 орта мектебінде ағылшын тілі оқытушылығынан бастап, 1994 жылдан осы уақытқа дейін Маңғыстау политехникалық колледжінде қызмет етеді.

1994-1998 жылдар аралығында Маңғыстау политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының көмекшісі қызметін, 1999-2004 жылдары гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшілік қызметін ағылшын тілі пәні оқытушылығына қоса атқарды.

2013 жылдан директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары.

2018 жылы Маңғыстау политехникалық колледжінің директоры болып тағайындалды. Өз қызметіне қоса Зарипа Есенбаевна 2013 жылы Ақтау қалалық мәслихаты бойынша учаскелік төрайымы болса , «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігі» шешімі бойынша 2013 жылы Атырау политехникалық колледжінде сарапшы, 2014 жылы колледж базасында өткізілген «Кәсіби оқытудағы жаңа технологияларды қолдану ерекшелігі» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыру алқасының мүшесі; 2014 жылы Маңғыстау политехникалық колледжіндегі сапа менеджменті жүйесін енгізу және колледжді институционалдық аккредиттеуге құжаттар дайындау жобаларына жетекшілік еткен. 2016 жылы «Мемлекеттік сектордағы менеджмент» кешенді білім беру бағдарламасы бойынша толық курстан өтті. 2016 - 2018 жылдары өткен Жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңінің «IT желісін жүйелі басқару» құзіреттілігі бойынша сарапшылар кеңесінде мүшелік еткен. Жалпы еңбек өтілі – 28 жыл. Соның ішінде Маңғыстау политехникалық колледжіндегі еңбек өтілі – 25 жыл.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 25 жыл үзбей еңбек етіп келеді.. 3 бала, немере тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

Марапаттар:

  • 2011 жылы Маңғыстау политехеникалық колледжі кәсіподағының Дипломы;
  • 2012 жылы Техникалық және кәсіптік білім беру саласында жас ұрпақты тәрбиелеуде зор үлес қосқаны үшін Маңғыстау облысының Білім басқарамасының Алғыс хаты;
  • 2012 жылы Маңғыстау политехникалық колледжінің дамуына қосқан үлесі үшін «Маңғыстау политехникалық колледжіне 40 жыл» белгісі;
  • 2013 жылы Маңғыстау облысының білім басқарамсының «Жаңа ақпараттық инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттырудың мүмкіндіктері» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған облыстық семинарында белсенді қатысқаны үшін сертификаты;
  • 2014 жылы Нұр Отан партиясы Құрмет грамотасы.
  • 2015 жылы Маңғыстау облысы білім басқарамсының Құрмет грамотасы.
  • 2016 жылы Маңғыстау облысы әкімі орынбасырының Алғыс хаты.
  • 2017 жылы Білім Министрі Құрмет грамотасы.
  • Білім беру жүйесінде ұзақ жылдар еңбек еткен және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жеткен табыстары Құрмет тақтасына ілінген. (http://kzu.kz/sholtanova-zaripa-esenbaevna.html ) сайты.


Байланыс телефоны: +77753622469





22 қазан 2021

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

22 қазан 2021

Қазиева Майра Алибаевна

Басшының ақпараттық-технологиялар ісі жөніндегі орынбасары 

22 наурыз 2021

Казиев Алкуат Карымсакович

Басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары 

22 наурыз 2021

Мутиев Рауан Талгатович

Басшының  оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары 

22 наурыз 2021

Асылбай Гүлмира Ибрагимқызы

Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

22 наурыз 2021

Тугерова Галия Бердибаевна

Басшының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары 

22 наурыз 2021

Серикхалиев Ержан Сагитжанович

Басшының шаруашылық жөніндегі орынбасары 


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2024. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).