kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Колледж тарихы

Колледж тарихы

Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы  техникалық және кәсіптік  білім беретін оқу орындарының бірі.

Маңғыстау политехникалық колледжінің тарихының тамыры тереңде.     1941 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы Петровский атындағы зауытқа кәсіби мамандар дайындауға арналған ФЗУ, артынан кәсіптік училище болып құрылған болатын. Міне осы  училище 1961 жылы Маңғыстау түбегіндегі Баутин поселкесіне көшірілді.  Ол кезде  училище  кеме жөндеу, оны техникалық жабдықтау ісінің  жұмысшы мамандарын даярлайтын, кейін  Форт-Шевченко қаласына Маңғыстау мұнай –газ барлау  тресі қоныс теуіп, барлау мен бұрғылау көлемі  ұлғайған соң, оқу  орыны мұнай саласына  жұмысшы  мамандар даярлауға көшті.   Осы училище  1964 жылы № 54 Форт-Шевченко қалалық кәсіптік  училищесі болып өзгерді. 1972 жылы Гурьев облысындағы кәсіптік техникалық училищесі мен  Форт-Шевченко қаласындағы № 54 училищесі бірігіп Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласындағы 3б шағын ауданына  № 11 қалалық типтік училищесі болып   көшірілді.

  • 1972 жылы  - Гурьев облысындағы кәсіптік техникалық училищесі мен  Форт-Шевченко қаласындағы № 54 училищесі бірігіп Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласындағы 3б шағын ауданына  № 11 қалалық типтік училищесі болып   көшірілді. 
  • 1974 жылы Каз ССР Министр кеңесінің қаулысымен  Маңғышлақмұнай өндірістік ұйымына салалар бойынша мамандар дайындайтын №1 – ші Ақтау қаласының кәсіби-техникалық училищесі  атауы берілді
  • 1993 жылы Маңғыстау облысы әкімшілігінің шешімімен Ақтау қалалық №1 жоғары кәсіптік училищесі
  • 1997 жылы Маңғыстау облысының әкімінің шешімімен Маңғыстау политехникалық колледжі  болып аталды.
  • 1972 жылы алғашқы оқу жылын   8 кабинет, 5 шеберхана және 500 оқушымен бастаған оқу орны  бүгінгі таңда 4 оқу ғимаратынан, 73 оқу кабинетінен,  4 шеберхана, 5 зертхана, 4мыңнан астам студенттер білім алып жатқан іргелі оқу орнына айналды.

Колледждің материальдық-техникалық базасы:

1996 жылдың 1 қазанынан 1,2739 га жер көлемін пайдалану туралы колледждің мемлекеттік актісі және техникалық паспорты бар.  

Колледж ғимараты үш қабаттан тұратын 4 оқу ғимаратынан және шеберханалардан тұрады.

Басты оқу корпусында орналасқандар:

  • спорт зал, 250 орындық асхана;
  • 300 орындық   акт зал;
  • 40 орындық конференц зал;
  • жалпы  көлемі 59,38 м2  мұражай;
  • жалпы көлемі 42,36 м2 медициналық бөлімше ;
  • 73 пәндік оқу кабинеті;
  • 4 шеберхана  және 5 зертхана.

Оқу кабинеттерінің оқу-техникалық құралдармен жабдықталуы

Колледждің     материалдық – техникалық  жағдайы  кәсіби  мамандарды   қазіргі  талаптарға сай  дайындауға жан-жақты мүмкіндіктер жасалған.  Оқу  әдістемелік, ақпараттық  және техникалық  құралдармен  толықтай  жабдықталған 73 оқу кабинеті бар.  Оның ішінде 5 компьютерлік кабинет хабарларды зерттеу,  сақтау және жылдам жинақтау үшін жергілікті жүйе құрылды, 25 кабинет  интернет желісіне қосылған.   Компьютер техника саны — 150.  Электронды және магнитті сақтаушылардың оқу бағдарламасымен бағытталған оқулықтарда жасақталуда  және сатып алынуда. 2009-2010 оқу жылында барлық мамандықтар бойынша  колледж оқытушыларының дайындауымен электрондық оқулықтар жасақталды және оқу үрдісінде қолданылуда.   28  оқу кабинеті интерактивті тақтамен жабдықталған.

Оқу үрдісін ақпараттық-әдістемелік және кітапханалық қамту.

Колледж жанындағы кітапхананың көлемі 233,3 м , оқырман залына көлемі 50 м  30 стеллаж  қойылған. Онымен қоса бір қабырғаға ҚР Президентінің еңбектері,  жолдау материалдар, мемлекеттік қайраткерлігін баяндайтын материалдар бір стендаға топтастырылып қойылған.  Екі жерге кітаптың құндылығы мен қажеттілігін және ұлттық тілді насихаттайтын сөздер безендіріліп ілінген. Колледж кітапханасы 70 орынға арналған оқу залы бар. Кітапханада 2 кітапханашы жұмыс істейді. Кітапхана оқырмандарға сапалы қызмет көрсетеді. Оқытушылар мен студенттерге кітапханада өз білімдерін жетілдіруге толық жағдай жасалынған.

Колледжде кәсіби деңгейі жоғары тұрақты педагогикалық ұжым қызмет етеді:

  • 3 – ғылым кандидаты;
  • 3 – ізденуші;
  • 63 %  оқытушы бірінші және жоғары біліктілік санатты;
  • 7 педагог мемлекеттік наградаларға және «Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері»төсбелгілерінің иегері.
  • 20 педагог «РК Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 


Маңғыстау политехникалық колледжі бейнероликтері


Құрметті сайтқа келушілер, Маңғыстау политехникалык колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайтта сіздер колледждің тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағытымен , оқу -тәрбие жұмыстарымен олардың нәтижелерімен таныс бола аласыздар. Маңғыстау политехникалық колледжі - беделді, көп салалы, Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.Қазіргі талаптарға сай кәсіби мамандарды дайындау үшін колледжде барлық мүмкіндіктер жасалған. Колледждің міндеті –кәсіби, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ дайындау.


Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

© 2024. Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалык колледжі
Все материалы сайта доступны по лицензии Creative Commons Attribution 4.0 при условии ссылки на первоисточник (в случае использования материалов сайта в сети Интернет – интерактивная ссылка).