kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Теорияны тәжірибемен ұштастыру. Педагог және өндіріс.

Ағымдағы жылдың 18-20 қазан күндері колледжіміздің арнайы пән оқытушысы "Электромонтаж" құзыреттілігі бойынша колледжішілік чемпионатының бас сарапшысы, өңірлік компатриот-сарапшысы Толеубаева Айша Бахытжановна және Джайджанов Мурат «Электрокомплект» өндірістк компаниясының ұйымдастыруымен, «ELEKTROPROFI» электриктер қоғамдастығы, Алматы энергетика және байланыс университетімен бірлесіп , "IEK GROUP" өндірістік компаниясының демеушілігімен Energo Uneversity базасында Электр монтаждаушылардың бірінші ресми чемпионатына сарапшы және тәжірибе алмасу мақсатында қатысты.

Бағдарлама бойынша «Өнеркәсіптік және азаматтық салада монтаждау» және «Бағдарламалау» модульдері бойынша электромонтажниктер чемпионаты, студенттерге арналған чемпионаты, IEK, TSSP, Einhell, BESTORG жетекші компаниялардың шеберлік сыныптары мен квизалары, электр монтажының жаңа құралдары мен технологиялары, өндірістегі заманауи және сенімді жеке қорғаныс құралдары, арнайы киім, арнайы аяқ киімдерді таныстыру және оларды жұмыс орнында сапалы қолдану шаралары, сонымен қатар, мұнай өңдеу өнеркәсібі үшін жиналған электр қалқаны, электроэнергетика саласындағы IEK, TSSP, Einhell, BESTORG жетекші компаниялардың өндіріс мамандарымен тәжірибе алмасу мүмкіндігі ұсынылды.