kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Есірткі және нашақорлықтың алдын алу

Заң мен тәртіп: Маңғыстау облысы ПД Есірткіге қарсы күрес бөлімі қызметкерлері және Маңғыстау облысы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары “Есірткі және нашақорлықтың алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында жастарға есірткі заттарының зияны, оның адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, заңсыз есірткі айналымының құқықтық салдары, жауапкершілік түрлері туралы нақты ақпарат беріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары айтылды.

Мамандар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, спортпен айналысу, бос уақытты тиімді пайдалану және зиянды әдеттерден аулақ болу қажеттігін атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Мұндай алдын алу шаралары жас ұрпақтың саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына, қоғамда құқықтық тәртіпті нығайтуға өз үлесін қосады.