WorldSkills Kazakhstan 2023
Маңғыстаулық студенттердің қанжығасы майланды
3 күнге созылған "WorldSkills Kazakhstan 2023" VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 545 студент қатысты. Олардың 32-сі Маңғыстаулық студенттер, 30 құзыреттілік бойынша бақ сынап, өлкеміздің намысын қорғады.
Республикалық чемпионатта колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін практикаға шебер ұштастыра білген шын жүйріктердің қанжығасы майланып, қоржындары тағы бір медальмен толықты. Олардың арасында 3 алтын, 1 қола, 7 медальонды жеңіп алған маңғыстаулық студенттер де бар. Олар:
Алтын медаль – Cарсенғали Ақмерей, Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің студенті («Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша). Жетекшісі: З. Исағалиева;
Алтын медаль – Алдамжаров Әлібек, Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің студенті («Өнеркәсіптік автоматика» құзыреттілігі бойынша). Жетекшісі: Б.Долубаев;
Алтын медаль – Теміралиев Жүсіп, Қарақия кәсіптік колледжінің студенті («Шанақ жөндеу» құзыреттілігі бойынша). Жетекшісі: Е.Нурханов.
Күміс медаль – Байаманов Тимур Маңғыстау туризм колледжінің студенті («Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша);
Қола медаль – Узбекова Арайлым, Маңғыстау туризм колледжінің студенті («Мейрамхана ісі» құзыреттілігі бойынша);
Ал «Мобильді робототехника» (Джарасов Досбол, Жаксылыков Нурлан – Бейнеу политехникалық колледжінің студенттері)
«Инженерлік графика САД» (Құралбай Назерке – Х.Өзбекғалиев атындағы жоғары политехникалық колледжінің студенті)
«Кірпіш қалау» (Кошкарбаев Оралбек – Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің студенті)
«Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары»(Айткенұлы Заңғар – Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің студенті)
«Сантехника және жылыту» (Незгода Иван–Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті)
«Кескіндеме және сәндік жұмыстар»(Сенбі Амина – Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің студенті) құзыреттіліктері бойынша чемпионатқа қатысқан студенттер медальонға ие болды.
Үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту мақсатында өткен республикалық чемпионаттың жеңімпаздары 2024 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында Францияның Лион қаласында өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатына қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
4 желтоқсан 2023

Жалпы гуманитарлық бағыт
Әдістемелік бөлімінің жоспарына сәйкес “Жалпы гуманитарлық бағыт” пәндер бірлестігінің “Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар...
4 желтоқсан 2023

Қызықты көңіл, студенттік өмір
Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде “Қызықты көңіл, студенттік өмір” атты мерекелік шара өтті. Колледж басшысы З. Е. Шолтанова 1...
30 қараша 2023

Оқуға құштар колледж
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 29 қараша күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар...
30 қараша 2023

Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам
6-16 қараша күндері аралығында өткен қазақтың ақыны, ағартушы-демократы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай “ Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн...
30 қараша 2023

Оқуға құштар колледж
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 28 қараша күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар...
29 қараша 2023

Жыл студенті - 2023
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе «Ақтау» студенттер...
27 қараша 2023

Үздік маман
Құттықтаймыз!!! Республикадан "Үздік маман". Еліміздің бас қаласында 19.11-27.11.2023 күндері аралығында өткен республикалық кәсіби құзыреттілік чемпионатында Халел...
27 қараша 2023

WorldSkills Kazakhstan 2023
Маңғыстаулық студенттердің қанжығасы майланды 3 күнге созылған "WorldSkills Kazakhstan 2023" VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа...
27 қараша 2023

Ұлттық спорттық лига
Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде “Ұлттық спорттық лига” жобасы аясында колледжішілік “Теңбіл доп” шағын футболдан колледж...
25 қараша 2023

WorldSkills Kazakhstan VIII
Чемпионаттың үшінші күні. 25.11.2023ж Астана қаласында EXPO халықаралық көрме орталығында WorldSkills Kazakhstan VIII республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының үшінші күні өтіп...
25 қараша 2023

WorldSkills Kazakhstan VIII
Бүгін Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионат өтіп жатыр. Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық...
24 қараша 2023

WorldSkills
Бүгін WorldSkills чемионаты аясында Республикадан келген 150 жуық ұйым басшыларына арналған "Біліктілікті арттыру курстарының үздіксіз моделі арқылы, колледж...