Махаббат, қызық мол жылдар
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар колледж ” жобасы аясында “ Кітаптар желісімен түсірілген көркем фильмдер ” атты виртуалды кітап көрмесі өтті.
Мақсаты - баспа кітаптарын оқуды және мультимедиялық өнімдерді пайдалануды ұштастыру арқылы оқырмандарды көркемдік және рухани тәрбиелеу.
Виртуалды көрмеде бірнеше кітаптарға шолу жасалды. Атап айтқанда: «Абайтану» ғылымының негізін салушы, көркем сөздің шебері М. Әуезовтың «Абай жолы» туындысы қазақ классикасының негізі болып саналады. Осы роман-эпопея желісінде 1995 жылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы қарсаңында ақынның өмірі, махаббаты, шығармашылығына арналған «Абай» атты фильмі жарыққа шықты.
Балаларға арналған көркем туынды балалар сүйіп көретін жазушы Б.Соқпақбаевтың повесі бойынша таспаланған «Менің атым Қожа» фильмі. Фильмде 12 жастағы Қожа есімді қазақ баласының өмірі суреттеледі.
Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісі бойынша түсірілген фильм. 20 бөлімді туынды ешқашан қартаймайтын, ешқашан өзектілігін жоймайтын мәңгілік махаббат тақырыбына арналады.
2005 жылы белгілі халық жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты трилогиясы бойынша қазақ-француз кинематографистері бірлесіп «Көшпенділер» фильмін түсірді.
«Көксерек»Кинокартина - кішкентай ұл бала мен қасқырдың бөлтірігі арасындағы достығы жайындағы хикая. Бала мен қасқыр бірге тұрып, бірге ойнайды. Қасқыр мен адам – біріне-бірі дұшпан екендігіне қарамастан, бала жүрегі ересек өмірдің қаталдығы мен қатыгездігін қабылдағысы келмейді. Адамдар есейіп қалған аңды өлтірмек болғанда, бала досын еркіндікке қоя береді. Бірер жылдан соң олар қайта қауышады. Бұл көркем туынды Мұхтар Әуезовтың аттас «Көксерек» шығармасы негізінде 1973 жылы түсірілген.
Виртуалды көрме бойынша шолу өткізіліп, қысқаша мәліметтер берілді.
26 қаңтар 2024

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль
2024жылдың 24 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледж базасында білім берудің, оқу- әдістемелік орталығының...
26 қаңтар 2024

Бағдарламалық қамтамасыз ету
“Бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының 2-курс ИС- 22-01 тобының студенттеріне тәжірибелік сабақ өткізу сәті. Тәжірибені арнайы пән оқытушысы Казиев Алкуат...
25 қаңтар 2024

Махаббат, қызық мол жылдар
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар...
25 қаңтар 2024

2024 жылдың 25 қаңтарында колледж әдістемелік бөлімі жалпы білім беру пәндерінің оқытушыларына, педагогтер арасында гуманитарлық (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын...
25 қаңтар 2024

Сабақтың бағалау критерийлері
Педагог болып, білім беру ұйымының табалдырығын аттаған жас маманға қашанда көмек қажет. Колледждің ішкі әлеміне енді ғана енген педагогтің ізденісі бұрынғыдан...
25 қаңтар 2024

25.01.2024ж Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің акт залында колледжішілік 2 курс білім алушыларының ата- аналар жиналысы өтті. ...
25 қаңтар 2024

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль
Бүгін, 2024жылғы 24 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде білім берудің, оқу- әдістемелік орталығының...
24 қаңтар 2024

Оқуға құштар колледж
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен “ Оқуға құштар...
24 қаңтар 2024

Уақытты тиімді пайдалану
Әлеуметтік педогог Ж. Жұмағалиеваның ұйымдастыруымен “Уақытты тиімді пайдалану” тақырыбында семинар өтеді. ...
22 қаңтар 2024

Пневматикалық винтовкадан ату
Сүйінші!!! Колледжімізідің қоржыны жүлделі орындарға толды!!! Мергендер Атырауда сыңға түсті! 2024 жылдың 20 қаңтарында Атырау қаласында Кеңес Одағының батыры...
19 қаңтар 2024

19.01.2024ж Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің акт залында колледжішілік 1 курс білім алушыларының ата- аналар жиналысы өтті. ...
18 қаңтар 2024

Машина жасау технологиясы қолданбалы бакалавры
«Машина жасау технологиясы қолданбалы бакалавры» мамандығының 3-курс ТМ 21-02 тобының студенттеріне «Фрезерлік станокпен темірлердің фаскасын шығару әдісі»...