kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Scaffold

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі базасында педагогтердің құзыреттерін дамытуға бағытталған Scaffold құралын енгізуге арналған пилоттық жоба жоспарына сәйкес “Оқытудағы жаңа бағыт: Scaffold әдістемесіне кіріспе” тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі нәтижесі ретінде Scaffold карталарын қолдану арқылы сабақ жоспарын әзірлеуде қолданылатын лайфхактар ұсынылды. Scaffold карталары сабақ жүргізу барысында білім алушыларға кезең-кезеңімен қолдау көрсетуге, сараланған тапсырмалар құрастыруға және ТжКБ жүйесінде құзыреттілікке негізделген тәсілді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Семинар барысында арнайы пән оқытушысы Рахметолла Тоқсанбаев Scaffold карталарын таныстырып, сабақ тиімділігін арттыруда ықпалы бойынша белсенді талқылау өткізді. Сонымен қатар, пилоттық жоба үйлестірушісі Салтанат Лукпанова аталған құралды білім беру процесіне енгізудің пилоттық тәжірибесін жүзеге асырудағы тиімділікті арттыру жолдарын таныстырды.

Scaffold карталарын оқу үдерісіне енгізу және оны еуропалық құзыреттер шеңберімен ықпалдастыру колледж үшін білім беру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық ресурс ретінде қарастырылады.