WorldSkills өмірді қалай өзгертеді
WorldSkills Podcast
Бір маманның тарихы: WorldSkills өмірді қалай өзгертеді
Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері – Болатұлы Айқабыл.
WorldSkills республикалық чемпионатының қола медаль иегері.
Бұл подкастта сіз өз ісіне шынайы берілген маманның өмір жолымен танысасыз. Айқабыл Болатұлы – тек білікті шебер ғана емес, сонымен қатар жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіби қалыптасуына үлес қосып жүрген ұстаз.
WorldSkills қозғалысына қатысу оның өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Бұл тек жарыс емес, бұл – өз мүмкіндігіңді сынау, кәсіби шеберлікті жаңа деңгейге көтеру, халықаралық стандарттарға сай білім мен тәжірибе жинау алаңы. Осындай мүмкіндіктердің арқасында ол өз саласында биік белестерді бағындырып, республикалық деңгейде жүлделі орын иеленді.
Подкаст барысында:
мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдары,
жетістікке жету жолындағы қиындықтар мен тәжірибелері,
WorldSkills чемпионатының берер мүмкіндіктері,
жас мамандарға берер ақыл-кеңестері жайлы тыңдай аласыз.
Айқабыл Болатұлының оқиғасы – табандылықтың, еңбекқорлықтың және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Оның жетістігі – тек жеке жеңіс емес, сонымен қатар білім мен еңбектің құндылығын дәлелдейтін үлгі.
Сұқбат алушы — Пояркова Полина ВІМ-24-01с студенті.
Бастама инициаторы -Казиева Майра
Сценарист — Өтеген Мереке Ибадуллақызы Арнайы пән оқытушысы.
Тыңдаңыз, шабыт алыңыз, өз жолыңызды табыңыз!
Бүгінгі кейіпкеріміздің тәжірибесі сізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз.
9 сәуір 2026

WorldSkills өмірді қалай өзгертеді
WorldSkills Podcast Бір маманның тарихы: WorldSkills өмірді қалай өзгертеді Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері –...
9 сәуір 2026

WorldSkills Podcast
...
8 сәуір 2026

Шеберлікке қадам: жас маманның кәсіби өсу жолы
«Шеберлікке қадам: жас маманның кәсіби өсу жолы» тақырыбындағы Жас мамандар апталығының ашық сабақтар легі. Котырев Абдулла Абдурахманович«WorldSkills»...
8 сәуір 2026

Аккумулятор батареясының жұмыс жасау принциптері
«Шеберлікке қадам: жас маманның кәсіби өсу жолы» тақырыбындағы Жас мамандар апталығы аясындағы ашық сабақтар легі жалғасуда. Жас маман Ербек Мәтжан АТЖ-25-01с...
8 сәуір 2026

Шеберлікке қадам: жас маманның кәсіби өсу жолы
«Шеберлікке қадам: жас маманның кәсіби өсу жолы» тақырыбындағы Жас мамандар апталығының ашық сабақтар легі. Мусаев Ербол Кубашевич ТОРА-24-01с тобының...
8 сәуір 2026

спартакиада
Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттерінің спартакиадасы аясында ұлттық лигасының қыздар арасындағы шағын футболдан облыстық...
8 сәуір 2026

Аккумулятор батареясының жұмыс жасау принциптері
Жас маман: Ербек Мәтжан Тақырып: Аккумулятор батареясының жұмыс жасау принциптері Тәлімгер: Эбишеев Қажымұқан ...
8 сәуір 2026

Шеберлікке қадам: жас маманның кәсіби өсу жолы
«Шеберлікке қадам: жас маманның кәсіби өсу жолы» тақырыбындағы Жас мамандар апталығының ашық сабақтар легі. Жас маман Адай Әсел экономика пәнінен Атж 25-01 с...
7 сәуір 2026

Sinumerik 840 D симуляторы арқылы сандақ бағдарламасын жасақтау
Әдістемелік бөлімінің жоспарына сәйкес “Шеберлікке қадам: жас маманның кәсіби өсу жолы” атты тақырыбындағы Жас мамандар апталығы аясында Өндірістік оқыту...
7 сәуір 2026

Sinumerik 840 D симуляторы арқылы сандық бағдарламасын жасақтау
Жас маман: Болатұлы Айқабыл Тақырып: “Sinumerik 840 D” симуляторы арқылы сандық бағдарламасын жасақтау” Тәлімгер: Байкубеков Малик Болашович ...
7 сәуір 2026

Жүйке жасушаларының құрылысы. Орталық жүйке жүйес
Жас маман: Жұмағалиева Жаңылсын Жұмағалиқызы Тақырып: «Жүйке жасушаларының құрылысы. Орталық жүйке жүйесі» Тәлімгер: Жумасатова Гүлжамал ...
















__6fe97f3e7995b93253965d9f0e06d753.png)


















