kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Төтенше жағдайда қорғану

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Төтенше жағдайда қорғану» мамандығының 1 курс білім алушылары Маңғыстау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ғимаратында орналасқан ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің жауынгерлік даңқ бөлмесіне танымдық экскурсия жасады.

ҚР ҚК ардагерлері РҚБ Маңғыстау облысы бойынша төрағасы отставкадағы бірінші дәрежелі капитан Марат Абсаттарович Тулекбаев білім алушыларға әскердегі қызметтің жағдайын, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге жасалатын жағдайларды жеткізді. Отан алдындағы қасиетті парыз бен міндетті адал атқару, нағыз ер азамат болуға әскери қызметтің ықпалы зор екені айтылды.

Экскурсияның мақсаты: білім алушыларды әскери қызметке дайындау және оларға әскери патриоттық тәрбие беру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін көтеру.

Экскурсия жетекшісі: алғашқы әскери және технологиялық даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушысы запастағы подполковник Кенжебек Далубаевич Аманкалиев.