kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Бүгін 09.06.2025ж колледж басшысы З.Е.Шолтанова техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен халықаралық және республикалық кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздарымен кездесті.

Кездесу барысында Семей қаласында, 27.05.2025-30.05.2025 күндері аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен республикалық кәсіби шеберлік конкурсына құрылыс саласы бойынша қатысып, 2-ші жүлделі орынға ие болған арнайы пән оқытушысы Шарапиев Айдынды, Алматы қаласында 27.05.2025-30.05.2025 күндері аралығында «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша Қазақстанның барлық өңірлері, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан Қырғыстан және Монголия мемлекеттері арасында өткен халықаралық кәсіптік шеберлік чемпионатына қатысып, 3-ші жүлделі орынға ие болған өндірістік оқыту шебері Нұрқожа Қуанғалиды жетістіктерімен құттықтап, олардың кәсіби біліктілігі мен еңбектегі табандылығын ерекше атап өтті. Бұл жеңістер – тек жеке жетістік емес, білім ордасының абыройын арттырған үлкен жетістік екені айтылды. Жеңімпаздарға алғыс білдіріп, алдағы шығармашылық жолдарына сәттілік пен шабыт тіледі.