kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Мехатроника

Практикалық дағдыларды дамыту және индустриямен байланысты нығайту бағдарламасы аясында колледж базасында WorldSkills Kazakhstan чемпионатының «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша сарапшылар мен қатысушыларды даярлауға арналған қарқынды апталық оқыту курсы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті.

Аталған курс барысында қатысушылар заманауи мехатроника саласының қыр-сырын меңгеріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, өндірістік процестерге жақындатылған тапсырмалар арқылы кәсіби дағдыларын жетілдіріп, халықаралық стандарттарға сай дайындық жүргізілді.

Бұл оқыту курсы қатысушылардың біліктілігін арттырып қана қоймай, олардың болашақта WorldSkills чемпионатында жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне берік негіз қалады.

Курсты жоғары кәсіби деңгейде жүргізген: Керимов Самир Пириевич.