NCCER
Болашақ дәнекерлеушілер үшін халықаралық деңгейге жол ашылды!
Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша білім алушылары үшін керемет жаңалық!
NCCER (National Center for Construction Education and Research) стандарттары бойынша халықаралық аккредиттеу процессі аясында «APEC Training Center» компаниясы колледж «Дәнекерлеу ісі» мамандығы білім алушыларына халықаралық тәжірибеден өтуге үлкен мүмкіндік ұсынды.
2026 жылғы 13–30 сәуір аралығында APEC Training Center базасында колледж білім алушылары өндірістік тәжірибеден өтуді бастағанын мақтанышпен хабарлаймыз.
Халықаралық тағылымдамаға 5 білім алушы және арнайы пән оқытушысы Қ. Нұрқожа қатысуда. Қатысушылардың жатын орны мен тамақтану шығындарын APEC Training Center толық қамтамасыз етеді.
Бағдарлама аясында білім алушылар үшін келесі іс-шаралар қарастырылған:
• Дәнекерлеу цехындағы практикалық сабақтар: Барлық тәжірибелік жұмыстар халықаралық деңгейде ағылшын тілінде жүргізіледі, бұл студенттерге техникалық терминдерді тікелей іс жүзінде меңгеруге мүмкіндік береді.
• Кәсіби бағыттағы ағылшын тілі (ESP): Студенттер өз мамандығына қатысты арнайы лексиканы, қауіпсіздік техникасы мен халықаралық стандарттарды тереңдетіп оқиды.
• Өндірістік нысандарға таныстыру сапарлары: Серіктес компаниялардың ірі өндірістік алаңдарына ағылшын тіліндегі экскурсиялар ұйымдастырылады. Бағдарламаның басты артықшылығы- білім алушылар нақты жұмыс процесін көруге және шетелдік мамандармен тілдесуге берілген тамаша мүмкіндік!
Бұл — заманауи технологияларды меңгеріп, әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуға бағытталған маңызды қадам!
15 сәуір 2026

Төтенше жағдайда қорғану
Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Төтенше жағдайда қорғану» мамандығының 1 курс білім алушылары...
14 сәуір 2026

ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ — КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
«ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ — КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ» Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі «Химиялық технология және...
14 сәуір 2026

БОЛАШАҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНЕ ТАНЫМДЫҚ САПАРЫ
БОЛАШАҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНЕ ТАНЫМДЫҚ САПАРЫ» Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Төтенше жағдайда қорғану»...
14 сәуір 2026

ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА ҰШТАСҚАН СӘТ: ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ЭКСКУРСИЯСЫ
«ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА ҰШТАСҚАН СӘТ: ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ЭКСКУРСИЯСЫ» Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық...
14 сәуір 2026

NCCER
Болашақ дәнекерлеушілер үшін халықаралық деңгейге жол ашылды! Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығы...
11 сәуір 2026

Таза Қазақстан
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық...
10 сәуір 2026

Scaffold
«Scaffold» жобасы аясындағы кезекті шеберлік сыныбы өтті. Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде Scaffold пилоттық жобасының жұмыс...
10 сәуір 2026

Мехатроника
Практикалық дағдыларды дамыту және индустриямен байланысты нығайту бағдарламасы аясында колледж базасында WorldSkills Kazakhstan чемпионатының «Мехатроника»...
9 сәуір 2026

...
9 сәуір 2026

Ақзира Бақтыбайқызы
Құрметті Ақзира Бақтыбайқызы! Сізді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры лауазымына тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!...
9 сәуір 2026

Шеберлікке қадам: жас маманның кәсіби өсу жолы
«Шеберлікке қадам: жас маманның кәсіби өсу жолы» атты жас мамандар апталығы өз мәресіне жетті. Бүгін Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық...
















__6fe97f3e7995b93253965d9f0e06d753.png)


















