kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

APEC Training Center

Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша білім алушылары APEC Training Center базасында өндірістік тәжірибенің екінші күнін сәтті жалғастыруда.

Тағылымдаманың 2-ші күні қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, дәнекерлеудің заманауи әдістері мен халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеу талаптарымен танысты. Сонымен қатар, қауіпсіздік техникасын сақтау, құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану және өндірістік процестерді ұйымдастыру бойынша маңызды дағдыларды меңгеруде.

Тәжірибе барысында білім алушылар өз шеберліктерін жетілдіріп, халықаралық деңгейдегі маман болуға бір қадам жақындай түсті. Оларға жетекшілік етіп отырған арнайы пән оқытушысы Қ. Нұрқожа да кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, бағыт-бағдар беруде.

Осындай мүмкіндіктер білім алушылардың кәсіби дамуына үлкен серпін беріп, болашақта білікті маман болып қалыптасуына жол ашады.