BabySkills
2024 жылдың 04 мамыр күні Маңғыстау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Халел Өзбекғалиев атындағы политехникалық колледжі» МКҚК педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері мектеп жасындағы бастауыш сынып оқушыларының әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларындағы қызығушылығын арттыру мақсатында «WorldSkills Aktau -2024» чемпионаты аясында «Кім болғым келеді?» мамандық фестивалінің облыстық «BabySkills» жобасы Саламат Мукашев атындағы №16 мектеп базасында өткізіліп, қорытындысы шығарылды.
2024 жылдың қаңтар айында «Халел Өзбекғалиев атындағы политехникалық колледжі» МКҚК және Ақтау қаласындағы Саламат Мукашев атындағы №16 мектебі арасанды меморандум жасақталып, «BabySkills» жобасын енгізу жұмыстары жүргізілді. Аталған жобаға 6 құзыреттік («Автомобиль технологиялары», «Графикалық дизайн», «Мобильді робототехника», «Электромонтаждық жұмыстар», «Токарлық іс және металлөңдеу», «Дене шынықтыру және спорт») бойынша 4 сыныптан 26 іріктеп алынып, мектеп және колледж бас сарпшылары 2 ай бойы даярлаған тапсырмалармен оқушыларды «Білім беру (теориялық)» және «Аспаптық (тәжірибелік)» модулдері бойынша дайындап бірнеше шебер-сыныптарын өткізді.
Жобаның қысқа мерзімді мақсаты - көп сатылы оқытудан өту нәтижесінде балалар әр түрлі қызмет салаларында бастапқы кәсіби дағдыларға ие болады: өнімді қызметте сәтті әлеуметтену тәжірибесі, әр түрлі мамандықтарда өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі.
Жобаның ұзақ мерзімді мақсаты - ерте кәсіби сынамалардың тұрақты жұмыс істейтін полигонын құру, Baby Skills чемпионатын өткізу, бұл әрбір мектепке дейінгі жастағы балаға және бастауыш сынып оқушыларына кәсіби мамандардан білім алып, отандық және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, заманауи кәсіби құзыреттер туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді.
Baby Skills чемпионатына қатысушылардың жұмысын сараптаған сарапшылар саны-18 (бас сарапшы-6, сарапшы-10, техникалық сарапшы -2).
«Автомобиль технологиялары», «Графикалық дизайн», «Мобильді робототехника», «Электромонтаждық жұмыстар», «Токарлық іс және металлөңдеу», «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттіліктері бойынша 3 модульден тұратын қызықты тапсырмалар орындалып, оқушылар дайындықта алған білімдерін тәжірибеде жоғары деңгейде көрсетті.
Чемпионатты қорытындылау барысында оқушылар сарапшылар мен ұйымдастырыушыларына өздерінің эмоцияларымен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
«Жоба өте қызықты өтіп жатыр. Өзім дене шынықтыру және спорт құзіреттілігін таңдаған едім. Бір ерекшелігі мұнда ұлттық ойындарға бағыт берілді. Сонымен қатар басқа да технологиялық мамандықтар бойынша ақпараттар алдық», - дейді 4-сынып оқушысы Мария Сембаева.
Источник: https://mangystaumedia.kz/.../aktauda_oblistik_%C2...
Жеңімпаздар «Үздік маман» Дипломы және сыйлықтармен марапатталды
10 мамыр 2024

Оқы
Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп. Ислам діні адам баласын тал бесіктен жер бесікке дейін білім алуға үндейді. Құранның «Оқы» деген бұйрығын...
10 мамыр 2024

Шетелдегі күмәнді діни оқу орындарында теологиялық білім алудың қаупі неде? Мамандар діни танымы қалыптаспаған жастардың шетелге діни оқуға баруының қатерлі...
10 мамыр 2024

Байлық – байлық емес, бірлік – байлық
«Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» дейді қазақ. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке біз бірліктің арқасында жеттік. Енді осы азаттықты көздің...
10 мамыр 2024

Отаны бар халықтың өрісі кең, ойы еркін
Отаны бар халықтың өрісі кең, ойы еркін. Отансыз елдің тынысы тар, санасы шектеулі. Біз, қазақ, азаттықтың қадірін түсініп, бірлік пен ынтымақ арқылы еліміздің...
10 мамыр 2024

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ДІН ICTEPI БАСҚАРМАСЫ ИНТЕРНЕТТЕГІ ДІНИ КОНТЕНТТІ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ АСА САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ
...
7 мамыр 2024

Ағымдағы жылдың 03 мамыр күні Маңғыстау ауданы бойынша Жармыш, Ұштаған және Оңды ауылдарындағы жалпы білім беретін мектептерінде Халел Өзбекғалиев атындағы...
7 мамыр 2024

Ағымдағы жылдың 04 мамыр күні Маңғыстау ауданы Шетпе кентіндегі (нөмірі 2-ші, 3-ші, 4-ші, 6-шы, 7-ші) жалпы білім беретін мектептерінде Халел Өзбекғалиев атындағы...
7 мамыр 2024

Ағымдағы жылдың 02 мамыр күні Маңғыстау ауданы бойынша Тұщықұдық, Шебір, Қызан, Ақшымырау, Шайыр, Жыңғылды ауылдарындағы жалпы білім беретін мектептерінде Халел...
6 мамыр 2024

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні
7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік шара өтті. Колледж басшысы З. Е. Шолтанова атаулы мерекемен құттықтап, колледж қызметкерлеріне Маңғыстау облысы...
4 мамыр 2024

BabySkills
2024 жылдың 04 мамыр күні Маңғыстау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Халел Өзбекғалиев атындағы политехникалық колледжі» МКҚК педагогтері мен...
3 мамыр 2024

Жас сарбаз
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай БӘД пәнінің оқытушысы Шәріп Болат Ибрагимұлы І курс топтары арасында колледжішілік "Жас сарбаз" әскери-патриоттық сайысын...
1 мамыр 2024

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024!
ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024! ENACTUS Kazakhstan National Expo 2024 студенттік кәсіпкерліктің, стартаптар мен инновациялардың ҰЛТТЫҚ КУБОГЫ сәуір айының 25-26 күндері Астана қаласында,...