Worldskills Aktau 2024
Маңғыстауда Worldskills Aktau 2024 чемпионаты басталды
Ақтауда Worldskills Aktau 2024 чемпионатының облыстық кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген жоба 14 маусымға дейін жалғасады. Жұмысшы мамандығын дәріптеу, оның танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, жас мамандардың, мектеп оқушыларының, студенттердің жұмысшы мамандығына қызығушылығын ояту мақсатында өтетін жоба бірнеше бағытты қамтиды.
Ерте кәсіптік бағдарлау, еңбекке деген сүйіспеншілікті, мамандық таңдауды таныстыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларында бастапқы дағдыларды қалыптастыру үшін «Кондитерлік іс», «Автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету», «Жол қозғалысын ұйымдастыру» құзыреттіліктері бойынша ойын чемпионаты BabySkillsAktau ұйымдастырылады. Облыстық чемпионатқа 1 балабақшадан, 2 мектептен 18 қатысушы қатысады.
Мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған «Abilуmpics» конкурсына «Массаж» құзыреттілігі бойынша 6 студент қатысады.
Маңғыстау облысында өтетін биылғы чемпионаттың ерекшелігі студенттер арасында ата-баба дүниетанымын қастерлеп, дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелей отырып, ұлттық мәдениет пен рухани адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында DalaSkills конкурсы ұйымдастырылады. Конкурсқа 17 құзыреттілік бойынша 102 студент қатысады. Байқауға қатысушылардың кәсіби шеберлігін 150-ден астам сарапшы бағалайды. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан өңірлерінен қатысушылар келеді деп күтілуде.
Жалпы өңірлік чемпионатқа 23 колледжден 72 құзыреттілік бойынша барлығы - 376, оның ішінде 358 студент және мектептен 12 оқушы, 6 балабақша тәрбиеленушісі қатысады. Қатысушылардың жұмысын 420 сарапшы сараптайды.
Айта кетейік, Worldskills Aktau 2024 кәсіптік шеберліктің ІХ республикалық чемпионатын Маңғыстау облысының әкімдігі мен Білім басқармасы бірлесіп өткізіп жатыр. Әлемде мұндай халықаралық жоба 1946 жылдан өткізіліп келеді. Ал Қазақстан 2014 жылғы наурызда WorldSkills International мүшелігіне кіру туралы өтініш берген еді.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
26 мамыр 2024

Мектепке дейінгі балалар арасында ерте кәсіби бағдар беру
«Мектепке дейінгі балалар арасында ерте кәсіби бағдар беру» тақырыбында 17.05.2024жылы «Nº57 «Ақбота» бөбекжайы», Nº56 ”Жұлдыз бөбекжайы” Nº58 “Балауса бөбекжайы” мен...
24 мамыр 2024

СББ станоктарындағы фрезерлік жұмыстар
Бүгін 24 мамыр Конкурстың 3-ші күні, WorldSkills Lyon 2024 халықаралық чемпионатына "СББ станоктарындағы фрезерлік жұмыстар" құзыреттілігі бойынша Қазақстан құрама...
22 мамыр 2024

WorldSkills Aktau-2024
«WorldSkills Aktau-2024» Чемпионаттың 2-ші күні Бүгін «WorldSkills Aktau -2024» кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңі басталды. Өңірлік чемпионат 2024 жылдың мамыр айының 20-24...
22 мамыр 2024

WorldSkills Aktau 2024
“WorldSkills Aktau 2024” кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңі “Өнеркәсіптік робототехника” құзыреттілігі бойынша чемпионат Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы...
22 мамыр 2024

Екінші күннің видеосы. Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету құзыреттілігі мен Автомобильді бояу құзыреттілігі ...
22 мамыр 2024

WorldSkills Aktau-2024
«WorldSkills Aktau-2024» «WorldSkills Aktau -2024» кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңі жалғасуда. “Еңбек қорғау” құзыреттілігі бойынша чемпионат Халел Өзбекғалиев...
22 мамыр 2024

Жүз жол-біреуі сенікі
Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Ақтау қаласы Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Жүз жол-біреуі сенікі» атты мектеп оқушыларына арналған...
21 мамыр 2024

WorldSkills Aktau-2024
«WorldSkills Aktau-2024» Чемпионаттың 1-ші күні Бүгін 21 мамыр 2024ж. «WorldSkills Aktau -2024» кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңі басталды. Өңірлік чемпионат 2024 жылдың мамыр...
21 мамыр 2024

WorldSkills Aktau-2024
«WorldSkills Aktau-2024» Чемпионаттың 1-ші күні Бүгін 21 мамыр 2024ж. «WorldSkills Aktau -2024» кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңі басталды. Өңірлік чемпионат 2024 жылдың мамыр...
21 мамыр 2024

Worldskills Aktau–2024
«Worldskills Aktau–2024» өңірлік чемпионатына Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінен 37 құзыреттілік бойынша 50 үміткер іріктелді....
21 мамыр 2024

Worldskills Aktau 2024
Маңғыстауда Worldskills Aktau 2024 чемпионаты басталды Ақтауда Worldskills Aktau 2024 чемпионатының облыстық кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Жас мамандардың кәсіби біліктілігін...
21 мамыр 2024

Worldskills Aktau–2024
«Worldskills Aktau–2024» өңірлік чемпионатына Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінен 37 құзыреттілік бойынша 50 үміткер іріктелді....