kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

DOSTI Skills Aktau 2025

1. Маңғыстауда «DOSTI Skills Aktau 2025» халықаралық салалық достық чемпионаты жалғасуда.....

Бүгін өңірімізде халықаралық чемпионаттың екінші күнінде «Білім беру процесіне WorldSkills стандарттарын енгізу тәжірибесімен алмасу және кадрларды даярлау сапасын арттыру» тақырыбындағы республикалық семинар өтті! Семинарға Маңғыстау облысы білім басқармасы өкілдері, оқу-әдістемелік бөлімінің қызметкерлері, «DOSTI»Инновациялық орталығы өкілдері, еліміздің өңірлерінен келген колледж басшылары, сарапшылар, өңіріміздің колледж басшылары мен орынбасарлары, педагогтерден құралған 90-нан астам адам қатысты. Семинарға қатысушылар бағдарламаға сәйкес, IT бағытындағы білім беру, цифрлық құзыреттіліктерді дамыту, инновациялық әдістер мен тәжірибелер туралы мазмұнды баяндамалар ұсынып, түрлі тақырыптар кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды. Семинар соңында баяндамашылар белсенді қатысқаны үшін Маңғыстау облысының білім басқармасының арнайы сертификаттармен марапатталды.