kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Колледж басшысы

Байланыс телефоны:

+7(7292) 50-03-12

Мекен-жай: 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, 11 ғ.

kzruen
Мобилді нұсқа

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Колледж жаңалықтары

Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында колледж кітапханасында “ Кітап–достарын іздейді ” атты «Буккроссинг» бұрышы ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі идеясы өзара кітаптармен алмасу. Кез келген адам оқыған қызықты кітаптарын «Буккроссинг» сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты оқуға мүмкіндік алады.

«Буккроссингтің» басты мақсаты оқылған кітаптарға екінші өмір сыйлау, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітап пен оқырман арасын жақындастыру.

Іс-шара барысында “ Оқы және өзгеге ұсын ” кітап көрмесі арқылы әрбір оқырман ұнаған кітабын таңдап, кейін досына, танысына, кітапсүйер оқырманға ұсынуға болатыны туралы түсіндірілді. Шара соңында студенттер өздерінің оқыған кітаптарымен пікір алмасып, басқа да оқырмандарға оқуға кеңес берді.