kzruen

Шолтанова Зарипа Есенбаевна

Руководитель колледжа

Контактный телефон:

+7(7292) 50-03-12 

Адрес: 

Мангистауская область, город Актау, 3Б мкр., 11 зд.

kzruen
Мобильная версия

Государственное коммунальное казенное предприятие «Мангистауский высший политехнический колледж имени Халела Узбекгалиева» Управления образования Мангистауской области

Новости колледжа

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

Тасхайров Алмас Ержанұлы Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің түлегімін. Осы аталған колледжде 2019-2023 жылдар аралығында "Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану" мамандығы бойынша білім алдым. Колледжде біліммен қоса әр түрлі жарыстарға қатысып, белсенді студент болдым. Студентке берілетін бар мүмкіндікті пайдаланып өзімді сан қырлы жақтарымнан көрсете білдім. Соның бірі Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінен WorldSkills Kazakhstan өңірлік кәсіптік шеберлік чемпионатынан 1- ші орын, «Алтын» медальға ие болып, WorldSkills Kazakhstan 2023 республикалық чемпионатқа “Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары” құзыреттілігі бойынша жолдама алдым. Тәжірибеден Маңғыстау облысының филиалы «Ұлттық сапа орталығында» өттім. Болашақ жас маман ретінде филиалдың директоры Хамзат Сұлтанов ризашылық танытып, қызметке жауаптылығы мен алғырлығы үшін Алғыс хатпен марапаттады. Мен үшін тағы бір жетістік - Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Қазақстан Республикасы колледждерінің 100 студенті» республикалық конкурсына қатысып «Қазақстан Республикасы колледждерінің 100 студенті» атағына ие болдым. 2023 жылы колледжді үздік бітіріп Түркия мемлекетінің OSTIM teknik üniversite университетінде білім алып жатыр.